Атырау тұрғыны Ақтау әуежайына кастет алып өтпек болған

суд
Pixabay

41 жастағы қазақстандық әйелдің сөмкесінен суық қару табылды. Оны әуежайға кіреберістегі тексеру кезінде анықтаған, деп хабарлайды CMN.KZ.

«Сканер қара түсті әйелдер сөмкесінің ішінен соққы беріп, жаншитын әрекетке арналған суық қару ретінде бағаланатын кастетті көрсетті», – делінген жарияланымда.

Кастет тәркіленіп, әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық теріс қылық туралы хаттама толтырылған.

Сот оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады. Сонымен қатар 21 625 теңге Жәбірленушілерге өтемақы қорына өндірілді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска