Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндет – жиналған астықты сақтау және оны толықтай жүзеге асыру екенін атап өтті. Бұл туралы үкімет отырысында мәлімдеген Бектенов, еліміздің аграрлық саясатына жаңа серпін берудің қажеттілігін алға тартты, деп хабарлайды CMN.KZ.

Үкімет басшысы 2024 жылы ауыл шаруашылығы саласына берілген жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 миллиард теңгеге жеткенін айтып, келесі жылы бұл соманы 700 миллиард теңгеге дейін көбейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, аграршылар тұқымдық материалдармен, жеткілікті жанар-жағармаймен және тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.

«Енді біздің басты міндетіміз – жиналған өнімді сақтап, тиімді жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, дәнді дақылдарды уақытылы алқаптардан шығарып, оны кептіріп, элеваторларға толтыруды қамтамасыз етуі қажет. Барлық астық қабылдау орындары үздіксіз жұмыс режиміне көшуі тиіс», – деді премьер-министр.

Ол астықты сақтау үшін тиісті жағдайларды қадағалау қажеттігін және астық сапасын қатаң бақылауға алу керек екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, болашақ өнімге тұқымдық қорды 100% толықтай қамтамасыз ету керек. Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бірлесе отырып, тасымалдау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін және қозғалыс құрамы кестесін нақтылауды қолға алуы қажет. Сауда министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп, өндірілген өнімнің сатылымын қамтамасыз етуі тиіс», – деп сөзін жалғастырған Бектенов, экспорт көлемін арттыру үшін дәстүрлі және жаңа нарықтарды зерттеу қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» холдингіне биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын алдын ала қаржыландыруды бастау тапсырылды.

Үкімет отырысының соңында премьер-министр ауыл шаруашылығындағы еңбекқор жандарға егін жинау жұмыстарын уақытында аяқтағандары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі биылғы жылы астық өнімділігінің өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанын жеткізген еді. Жалпы егіс көлемі 23,3 миллион гектарды құраса, оның ішінде 16,7 миллион гектары дәнді және бұршақ дақылдарына тиесілі. 26,5 миллион тонна астық жиналғаны белгілі болды.

Share.

1 комментарий

  1. Definitely consider that that you stated.

    Your favourite reason appeared to be at the net the easiest thing to take into account of.

    I say to you, I definitely get irked at the same time as other people think about concerns that they plainly do not understand about.
    You managed to hit the nail upon the top and also defined out the whole thing with no need side-effects , people can take a
    signal. Will probably be again to get more. Thank you

Leave A Reply

Exit mobile version