Астаналықтар көбірек салық төлей ме?

пустой кошелек
Фото freepik.com

Елорда билігі бюджет кірісін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы 27 ақпанда мәслихат сессиясында Астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Нақты түсімдерге жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, қала билігі кіріс жоспарын 79,4 млрд теңгеге ұлғайтуды ұсынды. Оның 72,6 млрд теңгесі қосымша салық түсімдеріне тиесілі.

Спикердің айтуынша, ҚҚС төлеушілердің бір бөлігі республикалық бюджетке берілгенін, салық заңнамасындағы өзгерістерді және шамамен 10% өсімді ескере отырып, салықтық түсімдер жоспары 1 трлн 91 млрд теңге болып бекітілген.

Жалпы 2026 жылға арналған нақтыланған Астана бюджеті 1 трлн 360 млрд 833 млн теңге көлемінде қалыптастырылды.

Оның ішінде:
– меншікті кірістер – 1 трлн 193 млрд 196 млн теңге;
– республикалық бюджеттен трансферттер – 102 млрд 921 млн теңге;
– мемлекеттік бағалы қағаздар шығару – 20 млрд теңге.

Қала әкімдігі әзірге салық мөлшерлемесін арттыру туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Әңгіме негізінен түсімдерді нақтылау мен экономикалық өсім есебінен кірісті көбейту туралы болып отыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска