2026 жылы Крещение мерекесі 18 және 19 қаңтар күндері елорданың барлық православды храмдарында атап өтіледі, деп хабарлайды CMN.KZ
Астана әкімдігінің мәліметінше, негізгі құдайы құлшылықтар Успен кафедралды соборында, Константин мен Елена храмында және әулие Серафим Саровский храмында өтеді.
18 қаңтар күні сағат 19:00-де Крест жорығы ұйымдастырылады. Ол Республика даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан Константин мен Елена храмынан басталады. Одан кейін жаяу колонна Гумар Қараш көшесімен жүріп өтіп, қалалық жағажай аумағында аяқталады. Сол жерде суды ұлы қасиеттеу рәсімі жасалады.
Дәстүрлі крещендік шомылу үшін Есіл өзенінің сол жағалауында, «Столичный» саябағы жағалауы маңында, орталық жағажайдың жанында арнайы ойықтар (прорубь) дайындалады.
Шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден бастап, суды қасиеттеу рәсімінен кейін жұмысын бастайды және 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болады.
19 қаңтар күні күндіз және кешкі уақытта шомылу сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады. Барлық купельдер қауіпсіз баспалдақтармен және қоршаулармен жабдықталады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін аумақ жарықтандырылады. Сондай-ақ қатысушыларға арналған жылыту пункттері ұйымдастырылады.
Шомылу орындарында полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз