Астанада ер адам жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады: оқиға видеоға түсіп қалды

Скорая медицинская помощь
CMN.KZ

Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды CMN.KZ

Оқиға елорданың сауда орталықтарының бірінде болған. Медициналық қызметкерлер сол жерге шақырту бойынша барған.

ІІМ мәліметінше, дәрігерлердің көмегі мас күйдегі ер адамға қажет болған. Ол сауда орталығында досымен бірге жүрген.

«Медициналық қызметкерлер қажетті процедураларды жүргізіп, оқиға орнынан кетпек болған кезде ер адамдардың бірі агрессивті мінез көрсетіп, фельдшерге соққы жасаған. Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған», – делінген хабарламада.

Полиция Қазақстанда медицина қызметкерлеріне немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндетін атқару кезінде күш қолдану немесе қорқыту фактілері үшін жаза күшейтілгенін еске салды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска