Астанада "Бораттың" купальнигінде стадионда секіргендер: әрекеті немен аяқталды

14 новых футбольных арен построят в Казахстане
фото: deposit photos.com

Алматының «Қайрат» футбол клубының бельгиялық «Брюггемен» ойнаған матчы алматылықтардың ірі есебімен жеңілуімен ғана емес, трибунадағы оқиғамен де есте қалды, деп хабарлайды CMN.KZ

Оқиға 20 қаңтар күні Астанада өткен матч барысында болды. «Брюгге» командасының үш шетелдік жанкүйері трибунада үстіндегі киімдерін шешіп, «Борат» фильміндегі купальникпен ғана қалды.

Осыдан кейін футбол жанкүйерлері полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Шетелдік қонақтардың қандай жазаға тартылғанын Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтып берді.

«Олардың әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – “Ұсақ бұзақылық” және 440-бабы – “Қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде болу” бойынша сараланды. Нәтижесінде бес тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды», – деді ол.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска