Астанада кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады. Ведомствода жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.

«Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігінің Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — делінген хабарламада.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыз сегіз жаста, оқиғаның өзі астаналық ауруханалардың бірінде болған.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version