Астанада 2026 жылы жүргізушісіз такси іске қосылады

Taxi
Фото: freepik

Елордада жүргізушісіз такси қызметін дамыту бойынша екі меморандумға қол қойылды. Жобаны еліміздегі екі ірі агрегатор бірлесіп іске асырады, деп хабарлайды CMN.KZ

29 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан астанасында жүргізушісіз таксиді дамытуға қатысты екі меморандумға қол қойылды. Құжаттарға мемлекеттік органдар тарапынан Цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қол қойды.

Кемінде бір агрегатормен жүргізушісіз таксилердің алдын ала бағыты келісілді. Ол Астана халықаралық әуежайынен Abu Dhabi Plaza сауда орталығына дейінгі аралықты қамтиды. Цифрлық даму министрлігінде жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және жүргізушісіз көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты дайындық жүргізілетіні айтылды.

«Біз үшін автономды көлікті енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асуы, азаматтардың қауіпсіздігіне басымдық берілуі, реттеудің ашықтығы және инфрақұрылымның дайын болуы маңызды», – деді Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігі Алматы қаласында жүргізушісіз жеткізу қызметін дамыту жөнінде де меморандумға қол қойды. Оңтүстік астанада бұл сервисті де 2026 жылы сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска