2020 жылдан бастап Астанада «Еркетай» жауапкершілігі шектеулі серіктестік инвестициялық жоба бойынша балабақшасы бар мектеп салған. Компания бұған 1,3 млрд теңге жұмсаған. Бірақ, елорда әкімдігі инвесторға объектіні пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұл шешім жобаның техникалық күрделі объект ретінде қате жіктелуіне байланысты қабылданып, мемлекеттік сараптамадан өтуді талап еткен.
«Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвестор рұқсат беру құжаттарын алып, объект пайдалануға берілді», – деп хабарлайды қала прокуратурасы.
Сонымен қатар кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.
Қадағалау органның баспасөз қызметінде инвесторларда мәселелер туындаған жағдайда бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алатынын еске салды.
Осыған дейін Алматыда су спорты мектебінің сатылымына қатысты іс жаңа деңгейге жетті. Жоғарғы Сот бұрынғы инстанциялардың шешімдерін жойып, активтерді бастапқы иелеріне қайтарды.