Ақтаудағы әуе апаты: Embraer мамандары Қазақстанға келді

Бозумбаев прокомментировал слухи об обстреле потерпевшего крушение самолета AZAL
Фото: МЧС РК

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың өндірушісі Embraer компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп жетті, деп хабарлайды CMN.KZ.

Қазақстанның Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Embraer өкілдері тергеу комиссиясымен бірге әуе апаты болған жерде алдағы жұмыстарды анықтау мақсатында бірлескен шаралар ұйымдастырды.

Бразилияның авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығы (CENIPA) қызметкерлері де таяу күндері Қазақстанға келеді деп күтілуде.

Еске салсақ, 25 желтоқсан күні Азербайжан әуе жолдарына тиесілі Embraer ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам көз жұмып, 29 жолаушы аман қалды. 27 желтоқсан күнгі жағдай бойынша алты адам ауруханада ем алуда.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска