Ақтауда әуе апаты орын алды. Азербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы «Баку-Грозный» рейсін орындау кезінде құлап, өртке оранды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына 52 қызметкер және 11 техника бірлігі жұмылдырылған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ұшақтың жанып жатқанын анықтап, өртті сөндіруге кіріскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар бар. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат нақтылануда.

Көлік министрлігі арнайы тергеу жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Әуе апатының себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

Мәселені қадағалау үшін Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы республикалық штаб құрды. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері жұмыс істейді: 8 — 7292 — 319099.

Share.

1 комментарий

Leave A Reply

Exit mobile version