АҚШ пен Қытай сауда соғысы туралы келісімге келді: баждар 90 күнге төмендейді

АҚШ пен Қытай сауда соғысы туралы келісімге келді: баждар 90 күнге төмендейді
Сурет: pixabay

АҚШ пен Қытай делегациялары Женевадағы келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тарифтерді 90 күн мерзімге төмендетуге келісті, деп хабарлайды CMN.KZ

Қабылданған шешім туралы АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Скотт Бессен мен ҚХР Сауда министрі Ли Чен ян мәлімдеді.

Келісім бойынша Вашингтон Қытай тауарларына баж салығын 145-тен 30%-ға дейін, ал Бейжің АҚШ тауарларына баж салығын 125-тен 10%-ға дейін төмендетеді.

"Жоғарыда аталған әрекеттерді орындағаннан кейін тараптар экономикалық және сауда қатынастарын талқылауды жалғастыру тетігін жасайды", — делінген Ақ үйдің сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемеде.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 2 сәуірінде ондаған елдерге қарсы әртүрлі көлемдегі баж салығын енгізгенін жариялады. Тізімде Қазақстан да бар.

Көп ұзамай олар тоқтатылды. АҚШ тек 10% базалық тарифпен шектелді. Алайда Қытай үшін енгізілген баждар біртіндеп 145%-ға жетті. Өз кезегінде ҚХР тарифтерді 125%-ға дейін көтерді. Бейжің Америка әкімшілігінің әрекеттерін "қате тәжірибе" деп атады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска