Ақмола облысында әлеуметтік тұрғын үй салу кезінде мердігер 152 млн ұрлап кеткен

Ақмола облысында әлеуметтік тұрғын үй салу кезінде мердігер 152 млн ұрлап кеткен
Сурет: Canva

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттары арасында кезектілікті қысқартуға бағытталған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында үйлер салынуы тиіс еді, деп хабарлайды CMN.KZ

2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

«Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген», – деді Ақмола облысы бойынша АФМ департаментінде.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 152 млн теңгеге залал келтірілді. Соттың санкциясымен құны 100 млн теңгеден асатын күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды.

Мердігер қамауда. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері Төле би даңғылындағы айырбастау пунктінің жанында тонау жасаған ер адамды ұстады. Ол қала тұрғынынан 13 миллион теңге ұрлаған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска