Аңызға айналған Sega Mega Drive приставкасының авторы қайтыс болды

компьютерные игры
Фото: sega.com

Инженер Хидэки Сато 77 жасында 2026 жылғы 13 ақпанда дүниеден өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.

Kotaku басылымының еске салуынша, дәл осы Хидэки Сато Sega Mega Drive ойын приставкасын әзірлеуге жауапты болған. Аталған құрылғыда алғаш рет көк кірпі Соник туралы ойын жарық көрген.

Сондай-ақ ол Sega компаниясының өзге де танымал консольдерін – Sega Saturn мен Dreamcast құрылғыларын жасауға жетекшілік етті.

Sega компаниясы Total War стратегиялық ойындар сериясының, Yakuza шытырман оқиғалы экшн ойынының, сондай-ақ Football Manager симуляторының баспагері ретінде белгілі.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска