Алматының экономикалық соты Заили Алатауындағы алма бақтарының тағдырына нүкте қойды. «Халықаралық клубтар қауымдастығы» компаниясының жерге қатысты құжаттары жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды CMN.KZ.
2024 жылдың 31 қазанында Бостандық ауданының прокуратурасы ТОО «МАК» және Қарасай ауданы әкімдігіне қарсы сотқа арыз түсірген. Кәсіпорын иелері соңғы 20 жыл бойы алматылық апорт өсіргендерін айтқан. ТОО құрылтайшысы ретінде генерал-майор Павел Новиков көрсетілген.
Тексеру барысында компания 2004 жылы 884,9 гектар жерді иемденгені, ал 2015 жылы бұл учаске бөлінгені анықталды. Прокуратура Қарасай ауданы әкімі жерді Павел Новиковқа беру туралы қаулының күшін жойып, жер телімдерін мемлекетке қайтаруды талап етті.
Құзырлы органның мәлімдеуінше, учаскелерде Керенқұлақ өзені мен Берқара бұлағы ағып жатыр. Су қоры жерлерін жеке меншікке емес, тек уақытша пайдалануға ғана беруге рұқсат етілген.
2024 жылдың 17 желтоқсанында сот: «Талап толық қанағаттандырылсын», – деген шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.