Жексенбі, 19 қазан күні Алматыда Giro d ‘ Almaty 2025 жыл сайынғы жол веложарысы өтеді — бұл қазақстандық велоспорт күнтізбесінде күтілетін оқиғалардың бірі. Жарысқа еліміздің велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері қатысады, деп хабарлайды CMN.KZ

Осы күні жарыстың өтуіне байланысты билік көлік қозғалысын уақытша шектейді. 08:00 – ден 09: 30–ға дейін қозғалыс Керей-Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақ үйінен (Керей-Жәнібек хандар көшесі, 401/2) «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейінгі учаскеде жабылады.

Шектеу динамикалық болады – жарыс қатысушылары алға жылжыған сайын қозғалыс тоқтатылады.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар туралы түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version