Әйелдің денесін оның туысы Думан шағын ауданындағы пәтерден тапты. Полиция ақпаратты растады, деп хабарлайды CMN.KZ
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті 40 жаста, ал оның жұбайы 38 жаста болған.
«Қылмыс отбасылық жанжал негізінде жасалды: ер адам жұбайына пышақ жарақатын салды. Ол біраз уақыттан кейін өз өмірін қиды», – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы белгіленуде.
Бұған дейін елордалық пәтерлердің бірінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, астаналық әйелді оның 30 жастағы қызы өлтірді деп күдіктенеді.