Алматы тауларында 18 жастағы студент қыз қаза тапты

Ясную погоду обещают синоптики казахстанцам в выходные
сурет: Мария Горбоконенко

19 желтоқсанда бойжеткен Букреев шыңы маңында сноуборд тебуге шығып, байланысқа шықпай қалған. Бұл туралы оның туыстары хабарлаған. Осыдан кейін бірден ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастаған, деп хабарлайды CMN.KZ

Өкінішке қарай, 20 желтоқсанда қыздың мәйіті Бутаков сарқырамасы маңынан табылды.

Марқұмның денесі теңіз деңгейінен шамамен 2100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне дейін түсіріліп, полицияға тапсырылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

2024 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының тауларында адасып кеткен туристерге қатысты 112 оқиға тіркелген. Ал 2025 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында мұндай 25 жағдай болған. Соңғы оқиғалардың бірі қайғылы аяқталып, Жастар шыңына шығып, байланысқа шықпай қалған 20 жастағы жігіттің мәйіті үш күннен кейін табылған еді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска