2024 жылғы 5 қараша таңында Алматы және аймақтарында болған жер сілкінісі туралы ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев пікір білдірді, деп хабарлайды CMN.KZ.
Сәрсенбаевтың айтуынша, Қазақстан азаматтары сезген жер асты дүмпулері – Алматы облысына тән табиғи фондық құбылыс. Бұл аймақтың жоғары сейсмикалық белсенділігіне байланысты жағдай қалыпты құбылыс екенін түсіндірді. Сілкіністің эпицентрі Талғар ауданында орналасқанын айтты.
«Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сеніп, әлеуметтік желілер мен басқа да ақпарат құралдарындағы қауесеттерге ермеулеріңізді сұраймыз», – деді Сәрсенбаев.
Еске сала кетсек, ҚР ТЖМ бұған дейін 5 қараша күні таңертең алматылықтар мен өңір тұрғындары сезген жер сілкінісінің күші бойынша мамандардың берген бағасын жариялаған болатын.