Алматы әуежайында Lexus көлігі өртенді

Автомобиль загорелся на пандусе в аэропорту Алматы
Скрин видео

Алматы әуежайының Т1 терминалы пандусында Lexus көлігі отқа оранды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды CMN.KZ.

Оқиға 20 желтоқсан күні күндіз тіркелген. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

«Өрт сөндіру тобы мен Түрксіб аудандық өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына жетіп, жалынды ауыздықтады. Жапа шеккендер жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қалалық ТЖД өкілдерінің айтуынша, өрт көліктің қозғалтқыш бөлігінен шыққан. Оқиға орнына келгенше өрт сөндірілді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска