Алматылық гимнастар Каирдегі әлем кубогында жүлде алды

спорт
Фото: t.me/almatytoday

Алматылық спортшылар Каирде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде бірнеше медаль жеңіп алды, деп хабарлайды CMN.KZ

Асан Сәлімов тірекпен секіруде жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді.

Осы турнирде оның әріптестері де сәтті өнер көрсетті:

  • Зейнолла Идрисов – ат үстіндегі жаттығуда күміс жүлде алды;
  • Нариман Құрбанов – команданың қоржынына қола медаль салды.

Жарысқа 30-дан астам елден шамамен 70 спортшы қатысқан. Қатаң бәсекеге қарамастан, алматылық гимнастар үздіктер қатарынан көрінді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска