Алматыдағы жекеменшік мектептегі буллинг мәлімдемеден кейін тексеру жүргізіледі

Девочка буллинг
Фото: freepik

Алматыдағы QSI Almaty International School жекеменшік мектебінде буллинг фактілері бойынша тексеру жүргізіледі. Бұл туралы алматылық балалар омбудсмені Диана Ерлан Instagram стористерінде хабарлады, деп жазады CMN.KZ

Оның айтуынша, 2 ақпанда Алматы қаласының білім сапасын бақылау департаменті жекеменшік мектепке тексеріс өткізуді жоспарлап отыр. Алайда омбудсмен өз жазбасында оқу орнының нақты атауын көрсетпеген.

«Алматы қаласындағы жекеменшік мектеп бойынша жағдайға байланысты. Ертең жекеменшік мектепке Алматы қаласының білім сапасын бақылау департаменті тексеру жүргізеді. Қыз баланың жағдайы тұрақты, ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр. Ата-анасымен байланыстамыз», – деп жазды Диана Ерлан 1 ақпан күні кешке.

Сонымен қатар, бұл істің Наурызбай аудандық прокуратурасы мен Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында екені айтылды. Бұған дейін полиция өкілдері мектепте буллинг фактілері расталмағанын мәлімдеп, істің жабылғанын хабарлаған болатын.

Қыз баланың суицид жасауға әрекеттенгені туралы оның әкесі, кәсіпкер Қанат Амиркин, 29 қаңтарда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, қызына мектептегі басқа оқушылар тарапынан, әсіресе бұрынғы әкімнің қызы жағынан психологиялық қысым көрсетілген.

Осы уақытқа дейін мектеп басшылығы тарапынан ресми сайтта да, әлеуметтік желідегі парақшаларында да жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ. CMN.KZ редакциясы аталған мектепке ресми сауал жолдап, жауап күтуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска