Алматыдағы Halyk Arena енді нағыз медиафасадқа айналды. Спорт нысаны түрлі мерекелер мен ірі жарыстарға орай жарық сценарийін өзгерте алады, деп хабарлайды CMN.KZ.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ғимаратқа 16 мыңнан астам жарықдиодты модуль, 42 прожектор және 22 гобо-проектор орнатылған. Бұл арена фасадына әртүрлі бейнелер мен символиканы шығаруға мүмкіндік береді.
«Жарықтандыру кешені ғимараттың сәулетін айқындап, аренаны қала ішінде айқын көрсетеді», – делінген хабарламада.
Әкімдік 2026 жылы Алматыда 10 мыңнан астам шамды жаңартып, 500-ден аса ғимаратқа қосымша сәндік жарық орнатуды жоспарлап отырғанын да атап өтті.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз