Алматыдағы элиталық түнгі клубтардың бірінде гашиш сатылған

Сенатта түнгі клубтарды бақылау ұсынылды
Сурет: pixabay

Алматыдағы элиталық түнгі клубтардың бірінде есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ

Қалалық прокуратураның мәліметінше, оқиға Медеу ауданында орналасқан клубтардың бірінде болған.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында элиталық түнгі клубтардың бірінің қызметкері шартты сатып алушыға "гашиш" сатқан сәтінде ұсталды. Тексеру барысында мекемеден ұнтақ тәрізді заттардың іздері мен ақ түсті зат салынған зип-пакет табылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска