Алматының басты көрікті орындарының бірі бірнеше күнге жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды CMN.KZ
Ботаникалық бақта Жаңа жыл мерекелеріне арналған жұмыс кестесі жарияланып, келушілер үшін 31 желтоқсан, 1 және 2 қаңтар күндері жабық болатыны ескертілді.
«3 қаңтардан бастап қайтадан қонақ күтеміз. Жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады: 10:00-ден 18:00-ге дейін», – делінген бақтың хабарламасында.
Еске салайық, Жаңа жыл мерекесінде бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар 1–4 қаңтар аралығында төрт күн, ал алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер 1, 2 және 4 қаңтарда демалады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз