Алматыда заңсыз тауар айналымына қарсы рейдтер барысында жүздеген контрафакт өнім тәркіленді, деп хабарлайды CMN.KZ
Әділет министрлігінің мәліметінше, тексеру кезінде шетелдік брендтердің тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері анықталған.
Атап айтқанда, кейбір сатушылар «Louis Vuitton» маркасымен жалған сөмкелерді сатқан. Мамандардың айтуынша, бұл өнімдер сапасы төмен болып, заң талаптарын бұза отырып сатылған.
Рейд нәтижесінде жүздеген контрафакт тауар айналымнан шығарылды.
Сонымен қатар, тексеру барысында «Nesquik» бренді де заңсыз пайдаланылғаны анықталған. Сатушылар тауар белгісін ұқсас етіп рәсімдеп, өнімдерін сатқан.
Нәтижесінде:
- 2 мыңнан астам контрафакт өнім тәркіленді;
- жалпы құны 4 млн теңгеден асады.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз