Алматыда тұрғындарға шабуыл жасаған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

подростки
Фото: скриншот видео

Алматыда тұрғындарға агрессивті әрекет көрсеткен шетелдік жасөспірімдер елден шығарылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Тиісті шешімді сот қабылдаған. Енді оларға Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды.

Еске салайық, 2 сәуір күні әлеуметтік желілерде бірнеше қыздың дөрекі әрекеттері түсірілген видеолар тараған. Кадрларда олар:

  • басқа балаларға түрлі заттар лақтырып;
  • адамдарға түкіріп;
  • әдепсіз қимылдар көрсеткені байқалған.

Тағы бір видеода олар жазғы дәмханада отырған адамдарға заттар лақтырған.

Полиция бұл жасөспірімдердің жеке тұлғасын анықтап, оларды уақытша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған.

«Сот олардың елден мәжбүрлі түрде шығарылуы және Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска