Алматыда Циолковский көшесі, 2/324 мекенжайындағы төрт қабатты ғимаратты сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды CMN.KZ
Нысан сот шешімімен заңсыз деп танылған.
Қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында ғимараттың рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған.
Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, сотқа талап-арыз берілген. Кейін апелляциялық сот алқасы нысанды бұзу туралы шешім шығарды.
«Сүру жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен кеше басталды», – деп хабарлады басқарма.
Айта кетейік, 2026 жылғы 23 ақпанда Әділет департаментінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз