Алматыда Наурызға орай жаппай ағаш отырғызу акциясы өтеді

Красивые и нарядные девушки веселятся в честь праздника Наурыз
Фото: акимат Алматы

19 наурыз күні Алматыда «Жаңару» атты акция аясында қала тұрғындары коммуналдық қызметтермен бірге жаппай ағаш отырғызуға қатысады, деп хабарлайды CMN.KZ

Іс-шаралар Наурыз мейрамын атап өту аясында ұйымдастырылып, қала аудандары бойынша бөлінген:

  • Алмалы ауданы – Розыбакиев даңғылы бойында (Дүйсенов көшесі маңы) 20 ірі жапырақты ағаш отырғызылады;

  • Әуезов ауданы – № 1 шағынаудандағы (59-үй маңы) скверде 30 көшет егіледі;

  • Жетісу ауданы – «Ратушный» скверінде 50 жапырақты ағаш отырғызылады;

  • Наурызбай ауданы – Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында 50 ірі ағаш егіледі;

  • Түрксіб ауданы – Қонаев саябағы аумағында 100 ірі ағаш отырғызылады.

Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын акцияға қатысып, қаланы көгалдандыруға үлес қосуға шақырады.

Іс-шаралар таңғы сағат 09:30-да басталады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска