Алматыда "көрінбейтін" патрульдер екі күнде 28 агрессивті жүргізушіні анықтады

ПДД штраф выписывают
Фото: shutterstock

Алматыда штаттық киімдегі полицейлерден құралған «көрінбейтін» патрульдер екі күн ішінде 28 агрессивті жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл патрульдер азаматтық көліктермен жүріп, жолдағы жағдайды бақылап, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді.

Жиналған ақпарат жақын маңдағы ресми патрульдерге беріледі. Олар көлікті тоқтатып, құқықбұзушылықты рәсімдейді.

Полиция мәліметінше, анықталған бұзушылықтардың қатарында:

  • күрт жолақ ауыстыру;
  • «шашка» әдісімен жүру;
  • басқа көліктерді қию;
  • апатты жағдай туғызу
    бар.

Барлық жүргізушілер заң аясында жауапкершілікке тартылды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска