Мегаполисте тағы бір заңсыз салынған нысан сүрілді. Нысан иесіне өз күшімен бұзу жөнінде нұсқама көктемде берілгенімен, ол талапты елемеген, деп хабарлайды CMN.KZ
Қалалық қала құрылыстық бақылау басқармасының мәліметінше, сүруге Нүсіпбеков көшесі, 51-мекенжайда орналасқан төрт қабатты ғимарат түскен.
«Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған», – делінген хабарламада.
2025 жылғы 8 мамырда қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, құрылысты бұзу туралы шешім шығарған.
Ғимаратты демонтаждау жұмыстары бүгін, 2026 жылғы 20 қаңтарда сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Автор: Дина Сайын
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз