Алматыда 95 жастағы әжей пәтердегі өрттен аман қалды

Пожарная машина в Астане зимой
Фото: МЧС

Алматыда пәтерде шыққан өрт кезінде 95 жастағы зейнеткер дер кезінде құтқарылып, аман қалды. Әжей түтінге толы пәтерде балкон есігін сәл ашып, сол арқылы дем алып отырған, деп хабарлайды CMN.KZ.

Өрт 10 қаңтарға қараған түні Алмалы ауданындағы Клочков көшесінде орналасқан бесқабатты үйде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт үшінші қабаттағы пәтерде шығып, кіреберіс пен санитарлық торапты шарпыған.

«Өрт сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары құлыптаулы пәтердің есігін бұзып ашты. Түтін басқан бөлмелер арқылы өтіп, балкон терезесінің бір бөлігін ғана аша алған, сол арқылы тыныс алып отырған қарт әйелді тапты», – делінген хабарламада.

Зейнеткер пәтерден шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Сонымен қатар төртінші қабаттан 52 жастағы әйел арнайы құтқару қалпағының көмегімен эвакуацияланды.

Өрттің шығу себебін мамандар анықтайтын болады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска