Таңертең ерте Алмалы ауданында патрульдік полиция қызметкерлері Қарасай батыр мен Жароков көшелерінің қиылысына жақын маңдағы тұрғын үй ауласында күмәнді әрекет еткен жас жігітке назар аударған
Тексеру барысында полицейлер оның жанынан ұнтақ салынған орамаларды тапты. Сараптама бұл синтетикалық есірткі екенін көрсетті. 19 жастағы жігіт бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол есірткі «закладчигі» болып жұмыс істеген: тапсырмаларды интернет арқылы алып, жасырын орындардың координаттарын біліп, төлемді онлайн түрде алған. Қазіргі уақытта жедел қызметкерлер бұл есірткі бизнесін ұйымдастырған адамдарды анықтап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз