Алматы зоопаркінде бірден үш кенгуренің төлі дүниеге келді

Кенгурёнок
Фото: Instagram/akimat_almaty

Алматы хайуанаттар бағында бірден үш кенгуренің төлі дүниеге келді, деп хабарлайды CMN.KZ

Қала әкімдігінің мәліметінше, төлдер үш түрлі жұпта пайда болған:

  • сұр кенгурелер – Лорд пен Лара, Тик пен Линда;
  • қызыл кенгурелер – Мартин мен Марта.

Мамандардың айтуынша, Лара үшін бұл – алтыншы төл болса, Линда алғаш рет ана атанып отыр.

Зоопарк өкілдері қала тұрғындарына жаңа туған кенгурелерге ат қоюға мүмкіндік берді. Алайда екі кенгуренің жынысы әзірге белгісіз болғандықтан, барлығына бірдей жарайтын әмбебап есімдер ұсыну сұралады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска