Алматы облысында жекеменшік үйден бір отбасының төрт мүшесінің мәйіті табылды

дом зима
Фото: depositphotos.com

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылында жекеменшік тұрғын үйден бір отбасының төрт мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Қаза болғандар қатарында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және бір жарым жастағы қыз бала бар. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы қыстауда тұрған.

Марқұмдарды үйден туыстарының бірі тауып алған. Осыдан кейін оқиға орнына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жеткен.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себептері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі былай деп мәлімдеді:

«Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында, шаруа қожалығы аумағында оқиға болғаны туралы ақпарат түсті. Жекеменшік тұрғын үйден туысы төрт адамның мәйітін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары, полиция департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар шықты».

Тергеу жалғасып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска