Алматы – Бішкек тасжолында шетелдіктер қатысқан өлімге әкелген жол апаты болды

ДТП с индийцами
Фото: ДП Алматинской области

Алматы – Бішкек тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Үндістанның екі азаматы мен бір қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды CMN.KZ.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат тасжолдың 86-шақырымында болған. Алдын ала дерек бойынша, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Полицияның нақтылауынша, қаза тапқан жолаушылар – Үндістан азаматтары, ал жүргізуші Қазақстан азаматы болған.

Тағы үш жолаушы ауруханада жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска