Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Щучинск қаласында Бурабай аудандық криминалдық полиция қызметкерлері бопсалауға күдікті екі ер адамды ұстады, деп жазады CMN.KZ
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті тұрғын интернет арқылы бір қызбен танысып, жалдамалы пәтерде кездесуге келіскен. Алайда ол жерге келгенде қыздың орнына екі бейтаныс ер адам күтіп отырған. Олар күш қолданамыз деп қорқытып, 200 мың теңге талап еткен. Ер адам ақшаның бір бөлігін беріп, кейін полицияға жүгінген.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші берген ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз