Александр Бублик Индиан-Уэллсте ерік-жігерінің арқасында жеңіске жетті

Александр Бублик радуется
Фото: nstagram.com/australianopen/

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Индиан-Уэллсте өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды CMN.KZ

Ол чехиялық теннисші Вит Копршивамен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 7 минутқа созылды.

Кездесу есебі: 3:6, 7:6 (7:3), 6:2.

теннис
Фото: ФТК

Матч барысында Бублик алғашқы сетті қарсыласына беріп қойса да, кейін ойын барысын өзгертіп, тай-брейкте екінші сетті жеңіп алды. Үшінші сетте қазақстандық теннисші басымдық танытып, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Еске сала кетейік, Indian Wells Open–2026 турнирінің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска