Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты

Александр Бублик не сможет сыграть на турнире ATP 250 Almaty Open
Фото: ФТК

Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2026 жылғы Австралияның ашық чемпионатында алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтап, екінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұған дейін дәл осындай нәтижеге тағы бір қазақстандық спортшы – Юлия Путинцева қол жеткізген болатын.

Турнирдің бірінші айналымында Бубликтің қарсыласы АҚШ өкілі Дженсон Бруксби болды. 2 сағат 4 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу барысында Бублик 13 эйс жасап, төрт қос қате жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Келесі матчта Александр Бублик Венгриядан келген теннисші Мартон Фучовичпен кездеседі.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска