Ақтөбеде сөмкеден табылған мәйіт ісі: күдікті ұсталды

Нашли без ног: жители Жезказгана расчленили тело знакомого и выбросили в мусорный бак
Фото: freepik.com

Ақтөбеде 12 наурыз күні қала орталығындағы қоқыс алаңынан табылған ер адамның мәйітіне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ

Тергеу мүддесіне байланысты ұсталған адамның жасы мен жеке деректері жарияланған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бірге ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал туындап, соның барысында ер адам бірнеше пышақ жарақатын алған.

Еске салайық, мәйіт бірнеше күн бойы қоқыс жәшіктерінің жанында қалдырылған қытайлық сөмкенің ішінде жатқан.

«2026 жылғы 12 наурызда Ақтөбе қаласындағы аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска