Өрт 7 ақпанға қараған түні қаладағы үйлердің бірінде шыққан. ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін тұрғындар пәтерлерден өз бетімен шығып үлгерген. Алайда денсаулық жағдайына байланысты бір адам үйден шыға алмаған, деп хабарлайды CMN.KZ
Оның өмірін оқиға орнына келген автопатруль қызметкерлері сақтап қалды. Полицейлер бірінші топтағы мүгедектігі бар ер адамды түтінге толы пәтерден шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
«Полиция қызметкерлері Ануар Орысбаев пен Бердібек Орынбаевтың кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Кейін белгілі болғандай, 1962 жылы туған ер адам бірінші дәрежелі күйік алып, қазір ем қабылдап жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз