Түркістан облысында 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдаулары аяқталуға жақын. Ол өз әкесін қатыгездікпен ұрып-соғып, соның салдарынан қазаға ұшыратты деп айыпталып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ
Сот барысында Садақбаев кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, қылмысты «есі ауысқан күйде» жасаған. Айыпталушы сотта эмоцияға беріліп, жылап, жазаны жеңілдетуді сұрады. Ол дәлел ретінде кәмелетке толмаған балаларының барын айтып, отбасындағы жалғыз асыраушы өзі болғанын атап өтті.
Аталған іс бойынша үкім ертең жарияланатын болады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз