Көлік министрі Нұрлан Саурланбаев бұған дейін Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостердің жұбайына қатысты билеттер дауына байланысты туындаған жанжалға пікір білдірді, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының бұрынғы қызметкері Татьяна Фостерге ең төменгі тарифтермен әуе билеттері берілгенін, тіпті барлық орындар сатылып кеткен жағдайларда да осындай мүмкіндік жасалғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар басқа жолаушылардың ұшаққа отырғызылмай қалуына себеп болған.
Саурланбаевтың сөзінше, овербукинг (келмей қалатын жолаушылар болады деген есеппен қолда бар орыннан көп билет сату) – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе.
«Овербукингті біз тексермейміз, бұл – қалыпты құрал, әлемде қолданылып келеді және солай қала береді», – деді министр.
Ал билеттерді сату мәселесіне қатысты айтылған ақпарат бойынша тексеру жүріп жатқанын министр нақтылады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз