Air Astana Дубайға рейстерді тағы бір айға тоқтатты

Дубай, Дубаи, отель
Фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясы Дубайға рейстердің тоқтатылуын тағы бір айға ұзартты, деп хабарлайды CMN.KZ

Компания мәліметінше, рейстер 1–30 сәуір аралығында орындалмайды. Бұған Таяу Шығыстағы жалғасып жатқан қақтығыс себеп болып отыр.

Сәуір айына Дубайға билет сатып алған жолаушыларға үш нұсқа ұсынылады:

  • билет құнын толық қайтару (айыппұлсыз);
  • 30 маусымға дейінгі рейстерге тегін қайта брондау;
  • басқа бағыттарға айыппұлсыз ауыстыру (тариф айырмасы мен әуежай алымдарын төлеу арқылы), ұшу мерзімі – 30 маусымға дейін.

Қазіргі таңда қақтығыстың қашан аяқталатыны және рейстердің қашан қайта жанданатыны белгісіз.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска