Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімовке қатысты тергеу аяқталды, деп жазады CMN.KZ.
Антикор хабарлағандай, тергеу барысында Әбдікәрімовтің кәсіпкерден 4,4 миллион теңге көлемінде пара алғаны айыпталды. Бұл сомма – мемлекеттік сатып алу келісімінің 5%-ы, яғни шегірткеге қарсы пестицидтер жеткізуге арналған шарттың белгілі бөлігі ретінде алынған қаражат деп көрсетілді.
Антикор ұсынған видеода кәсіпкердің қаражатты сауда-ойын-сауық орталығында тапсырған сәті тіркелген.
Әбдікәрімов бұл қызметке 2024 жылғы 4 маусымда тағайындалған болатын. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осыған дейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып, көмитет басшысының кінәсі дәлелденген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Айта кетсек, биылғы мамыр айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстарын басқару департаментінің басшысы да жемқорлық үшін алты жылға сотталған еді. Олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.