14 ақпанда Астананың ауданаралық экономикалық сотына Перизат Қайраттың «Biz birgemiz» қорын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілді, деп хабарлайды CMN.KZ
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылы қазан айында құрылды. Қор қызметінде бұзушылықтар анықталғаннан кейін заңгерлер бірлестікті мәжбүрлеп тарату үшін сотқа жүгінді.
«Сот ісін жүргізу үшін негіздеме – Қаржы мониторингі агенттігінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030″ қоғамдық бірлестігін құру кезінде заң бұзушылықтарға байланысты тіркеуді жою туралы хаты. Олар жойылмайтын сипатқа ие, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болып табылады», – делінген агенттігінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылықтың символындай көрінген Перизат Қайрат күдіктінің орындығында отырды. Ол басқарған «BizBirgemiz Qazaqstan» қорының басшысы ретінде жиналған қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу орнына, жеке басының пайдасына жаратыпты деген айып тағылды.