Абай облысында 19 жастағы аралас жекпе-жектен Азия чемпионы Нұрмағамбет Тұрарбеков жол көлік оқиғасында қаза тапқан. Онымен бірге тағы екі досы көз жұмды, деп хабарлайды CMN.KZ
Апат Омбы-Майқапшағай тас жолының 615-ші шақырымында орын алды. Жастар Астанада өткен турнирге қатысқаннан кейін отбасыларына үйлеріне қайтуға жолда болған. Олар Toyota Avensis көлігімен келе жатып, Howa жүк көлігімен соқтығысқан. Жарақат алған жүргізуші мен екі жолаушысы сол жерде қаза тапты.
Абай облысының полиция департаменті ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345 бабының 4-бөлігі «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін Алматы облысының тас жолында болған ЖКО-да сегіз адам қаза тапты. Алматы-Бішкек тас жолында Lexus автокөлігінің иесі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.

