27 жастағы қазақстандық қыз Вьетнамда жоғалып кетті

Асмем Аубакир
Фото: threads.com/@sellan_ro

27 жастағы қазақстандық Асем Әубәкір Вьетнамда үш күннен бері байланысқа шықпай жатыр, деп хабарлайды CMN.KZ

Қыздың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бір күн бұрын тарай бастады. Оның әпкесі Рузана Жүсіпова жариялаған видеода Асем соңғы рет 6 наурыз күні хабарласқаны айтылған. Сол кезде ол Вьетнамның ең ірі қаласы – Хошимин әуежайында болған.

«Ол Ханой қаласына, консулға бармақ болған. Сондай-ақ оны біреулер аңдып жүргендей қорыққан», – дейді видеода жоғалған қыздың әпкесі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Вьетнамда Қазақстан азаматының жоғалғанын растады.

«Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі Асем Әубәкірдің туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оның қайда екенін анықтау шаралары жүргізілуде», – делінген СІМ түсініктемесінде.

Бұл жағдай бақылауда екенін атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска