2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
сурет: Olympic.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының алғашқы саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Президент Қазақстанның спорт саласында Жапониямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Ең алдымен, жапон халқының дәстүрлі жекпе-жек түрлерін — дзюдо, сумо және кэндоны кеңінен насихаттауға басымдық берілмек.

«Кеше ғана қазақ текті белгілі жапон сумошысы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) танысқаныма қуаныштымын. Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтудың берік негізі болатынына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска