2026 жылы Ұлттық қордан балаларға қанша төленеді

Тимур С
Фото: CMN.kz

Биыл Ұлттық қор қаражатынан еліміздегі әрбір балаға шамамен 100–130 АҚШ доллары көлемінде төлем жасалады. Нақты сома 1 ақпанда белгілі болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Оның айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша төлем мөлшері өткен жылғы деңгеймен шамалас болады.

«Қазіргі таңда есептеулер соңғы сатыда. Алдын ала деректерге сәйкес, бір балаға шамамен 100–130 доллар төленеді. Нақты цифрларды 1 ақпанда жариялаймыз», – деді Сүлейменов.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы рекордтық 8,7 млрд АҚШ долларына жеткенін айтты. Бұл валюталық мәнде шамамен 15% жылдық кірістілікке тең.

«Ұлттық қор тарихында мұндай табыстылық көрсеткіші бұрын-соңды болмаған», – деп атап өтті ол.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска